ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қасиетті жұма күні Жылыой мұсылмандары мешітінде жамағатқа ауданның жаңа бас имамын таныстырды.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Балықшиев Думан Мұратұлы ауданның бас имамы болып тағайындалды. Думан Мұратұлы жергілікті өңірдің тумасы. Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары:

2015-2018 жж Алматы қаласы Әбу Ханифа медресе колледжінде Исламтану мамандығын;

2018-2021 жж Абай атындағы Қазақ-ұлттық университеті Дінтану мамандығын;

​2021-2023 жж Абай атындағы Қазақ-ұлттық университетінде Дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

​2019 жылы Құлсары қаласында «Жылыой орталық мешітінде» ұстаз;

2022 жылдың Қазан айынан бастап «Жылыой орталық мешітінде» наиб имам қызметін атқаруда.

Болатбек Ұласқанұлы жаңа имамның қызметіне сәттілік тілеп, жауапты қызметтер тапсырды. Ал бұған дейін ауданның бас имамы қызметін атқарған Жасұлан Қуанышұлы бас мүфтидің бұйрығымен Атырау облыстық “Иманғали” орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.

Мешіт ақсақалдары Жасұлан Қуанышұлының иығына шапан жауып, жаңа имамның қызметіне сәттілік тіледі