Жылыой ауданында «Имани жаз» маусымы қорытындыланды

Жылыой ауданының орталық мешіті жазғы имани жаз – 2024 сауат ашу курсының маусымын ресми түрде аяқтады.

Жазғы сауат ашу маусымы кезінде 73 жас шәкірт марапатталды. Соның ішінде, 40 ер бала,
33 қыз бала қатысып, жас шәкірттер «Дін мен діл», «Дәстүр құндылықтары», «Құран әліппесі», «Әдеп негіздері» тақырыптарында білім алды.

Шәкірттерді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев құттықтап, марапаттар табыс етті.