Жылыойда футболдан қайырымдылық турнирі өтті

Жылыой мұсылмандары мешітінің ұйымдастыруымен футболдан қайырымдылық турнирі өтті. Игі шараның басты мақсаты – мешіт жамағаты арасындағы ынтымақты арттыру және Құлсары қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысына қолдау көрсету болды.

Турнирге қала және аудан мешіттерінен құралған 11 команда қатысты. Қатысушылар әдеп пен сыйластықты сақтай отырып, жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • Бірінші орынды Атырау қаласынан келген «Фирдаус» командасы иеленді;
  • Екінші орын«Ат-Тақуа» мешіті командасына бұйырды;
  • Үшінші орынды «Жаңа Қаратон» командасы жеңіп алды.

Турнирдің ашылу салтанатына Жылыой ауданының бас имамы Думан Мұратұлы қатысып, барлық ойыншыларға сәттілік тілеп, жамағатты игі іске атсалысуға шақырды. Сонымен қатар, жарыс соңында жеңімпаз командаларды марапаттап, алғысын білдірді.

Турнир барысында жиналған қайырымдылық қаражат Құлсары қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысына жұмсалатын болады.