Мұхаммад бин Абдулуаһһаб асыл дініміз исламға біраз бұрыс өзгерістер енгізген кісі. Ол Дирая мешітінде жұма күндері уағыздарында мына сөзді жиі қолданатын: “Кім, Пайғамбармен тәууәссүл жасаса (Алла Тағаламен араға Пайғамбарымызды салып дұға жасау) ол кәпір”,- деп айтатын.
Оның бауыры Сүлеймен бин Абдулуаһһаб ғалымдардың қатарынан еді және оны осылай айтуынан үнемі қайтаратын еді.
Сүлеймен бин Абдулуаһһаб бауыры Мұхаммад бин Абдулуаһһабтың артынан ешқашан ермеген және айтқандарына да еш сенбейтін болған. Сүлейман бір күні інісі Мұхаммадқа “Исламның рүкіндері қанша?!,- деп сұрайды сол сәтте Мұхаммад бин Абдулуаһһаб: “Бесеу”,- деп жауап береді, сол кезде ағасы Сүлеймен: “Жоқ, сен діннің рүкіндерін алтау еттің, алтыншысы саған ермегендерді “Мұсылман емес”,- дедің деп жауап береді ағасы Сүлеймен. (Роддуль ала Уаһабия “Уахабилерге қарсы айғақтар” кітабынан, авторы Сайд әд-Даһлән) Сайд Зейн әд-Даһлән Пайғамбарымыздың туысы болып келеді.
Ержан Қуанышұлы, “Сұлтан Бейбарыс” мешітінің имамы