Алматы облысында «Діни оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері» тақырыбындағы оқыту курсы өтті.
Тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру бағытында өткен семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімі мен Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы атсалысты.
Семинарға еліміздің әр өңірінен діни оңалту саласы бойынша жауапты мамандар қатысты. Атырау облысынан белгілі ұстаз Айтжан Оңғарбекұлы қатысып тәжірибе жинап қайтты.
Жиында Нұр-Мүбарак университетінің оқытушылары мен теолог мамандар дәріс жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.