Атырау селолық мешітінде интелектуалдық сайыс өтті

Атырау селолық мешітінде  «Адамзаттың асыл тәжі» атты жамағат арасында интелектуалдық сайыс өтті.

Сайысқа үш адамнан құралған бес команда қатысты. Олар әр түрлі тақырыпта қойылған сұрақтарға жауап берді. Атап айтар болсақ, Пайғамбардың, (с.ғ.с) өмірбаяны, дін мен дәстүр бойынша тақырыптарды қамтыған сұрақтарға әр команда жауап беріп отырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, интелектуалдық сайыс қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттау, жамағаттың біліктілігін арттыру және Алла Елшісінің өнегелі өмірін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған.

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.