Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Геолог ықшамауданындағы «Ихсан» мешітінің ашылу салтанаты аясында белсенді азаматтарға тосын сый жасады.
«Ихсан» мешітінің ашылуына айрықша үлес қосқан белсенді азаматтарға қажылыққа жолдама табыс етілді. Умра қажылығына жолдама кәсіпкер Арман Тоғаевтың отбасының қолдауымен алынып отыр.
Қажылық жолдама тапсырылғандардың қатарында Мұратолла Сапаров, Дәулет Мұратоллаұлы, Теміржан Баймұханов, Қуаныш Қасанғалиев, Бақыт Жұмахметов, Орынғали Ғабдулов бар.
Еске сала кетелік, бүгін Атырауда Геолог ықшамауданында 850 орындық мешіт қолданысқа берілді. Мешітке білікті дін маманы Ардақ Жұмабекұлы имам болып тағайындалды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.