Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысы әкімінің орынбасарымен кездесті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовпен кездесті.

Кездесу барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өңірдегі діни ахуал туралы баяндады.

Сондай ақ, салынып жатқан мешіттер, қайырымдылық мекемелері туралы ақпараттар берді. Кездесу барысында тараптар облыс мешіттерін діни білікті кадрлармен қамтамасыз ету, рухани ағарту бағыттарында бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласты.

Еске сала кетелік, былтыр Атырау облысында өткен жылы 8 мешіт күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан 3 мешіт ашылды. Нәтижесінде Атырау облысы бойынша мешіттер саны  50-ге жетті. Сондай ақ, қазіргі уақытта облыс тұрғындары үшін 19 намазхана, 6 Құран жаттау және сауат ашу орталығы жұмыс істеп жатыр.