Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қаласында салынып жатқан мешіттердің құрылысымен танысты.
Атап айтар болсақ, Томарлы елді мекеніндегі, Геолог ықшам ауданындағы және Еркінқала ауылындағы мешіттерді аралап көрді.
Қазіргі таңда мешіттерде ішкі жұмыстар жүргізілуде. Аталған мешіттердің сыйымдылығы 300, 500 және 800 адамға арналады деп жоспарлануда.
«Алла үйінің тұрғызылуына атсалысып, қолдау білдіріп келе жатқан жандарға ризашылығымды білдіремін. Бұл жерде асыл дініміздің құндылықтарын меңгерген өз елінің шын жанашыр тұлғалары тәрбиеленіп шығатынына сенемін» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысы бойынша алдағы 5 жыл ішінде 25 мешіт құрылысы салынатындығын хабарлаған болатынбыз.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.