Атырау облысының Бас имамы салынып жатқан медресе құрылысымен танысты (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде салынып жатқан қайырымдылық мекемесі, медресе құрылысымен танысты.

Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің жанынан салынып жатқан мекеме болашақта діни білімнің үлкен ордасы болады деп күтілуде.

Мұнда діни және заманауи білім қоса беріліп, зияткер мамандар дайындауға маңыз берілетін болады.

Құрылыс жұмыстарымен танысып шыққан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы медресе, яғни, қайырымдылық мекемесін жоспарланған уақытта аяқтауды, құрылысты сапалы жүзеге асыруды тапсырды.

Еске сала кетелік, нысанның бірінші қабатында асхана, екінші қабатында оқу бөлмелері, дене шынықтыруға арналған залдар жасақталуда.

Медресе құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.