«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына» орай мерекелік медальдар Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиев, Жылыой ауданындағы Қосшағыл мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлына табыс етілді.
Еске сала кетелік, бұған дейін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2020 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Қазақстан бойынша мүфтияттың 19 өкілдігінің бас имамдарына «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалін таққан еді.
«ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалі бас имамдардан бөлек өңірлердегі 68 имамға тарту етілген болатын.
Сонымен бірге, Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» мекемесінің басшысы Айбек Аташевтың құттықтау хатымен марапатталды.
Қасиетті Тәуелсіздік мерекесіне орай, орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамдары Арман Исаевқа, Мақсат Алпысбайға, орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Бохановқа және орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-хатшысы Баян Жанұзақоваға Бас имамның алғыс хаты тапсырылды.
«Тәуелсіздік – ең ұлық нығмет. Тілімізді, дінімізді, ділімізді өркендету жолында атқарып жатқан еңбектеріңізгне Алла абырой беріп, екі дүниенің рахатын нәсіп етсін» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.