Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы атыраулықтарды тасқынмен күресте бірігіп, жұмыла әрекет етуге шақырды.
«Қазіргі уақытта Жылыойда жағдай күрделі. Ол ахуал Атырау қаласында да орын алуы мүмкін. Сондықтан, жаға бекіту жұмыстарына белсене араласып, тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамын» деді Бас имам.