Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бас бостандығынан айрылып, Атыраудағы ерлерді түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушылармен кездесті.
Кездесу барысында Бас имам тәубеге келудің маңызы, жүрек тазалығы, иман келтіру тақырыптарында уағыз айтты.
«Күнәлі іс жасап қойғанда тәубеге келу әр мұсылманның міндеті. Алла Тағала Құранда: «Алла алдында шынайы тәубе етіңдер» – дейді. Оның үстіне, қасиетті Рамазан айында құлшылық жасап, жақсылыққа ниет қою, бет бұру маңызды. Алла Тағала құлдарына шынайы түрде тәубеге келіп, тура жолға түсуді бұйырған» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Кездесу соңында Бас имам «Ислам таластыра ма, жарастыра ма?» атты жеке авторлығымен жарық көрген еңбектің 20 данасын түзеу мекемесінің кітапханасына, жазасын өтеушілерге табыс етті.
Еске сала кетелік, кездесу УГ-157/9 ерлерді түзеу колониясында өтті.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.