Қасиетті Құрбан айт мерекесінің үшінші күні Атырау облысында қайырымдылық шаралары жалғасып, әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж елу отбасыға арнайы көмек көрсетілді.
Игі шара аясында азық-түлік себеттері мен құрбандық еттері таратылып, отбасыларға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Қайырымдылық акциясы “Sana Doner”мекемесінің қолдауымен Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Шара барысында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиналған жамағатқа насихат айтып, Құрбан айттың рухани маңызы мен қайырымдылықтың исламдағы орны туралы сөз қозғады.
— Құрбан айт — тек құрбан шалу ғана емес, мұқтаж жандарға жанашырлық танытып, қоғамда мейірім мен қамқорлықты арттыратын ерекше мереке. Ислам діні әрдайым қайырымдылық жасауға, адамдарға қол ұшын созуға үндейді. Осындай игі амалдар қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты күшейтеді. Алла тағала барша жасаған сауапты істерімізді қабыл етсін, — деді бас имам.
Сонымен қатар шара барысында отбасыларға ақ тілектер айтылып, еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға жасалды










