ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСТЫ

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің үшінші күні Атырау облысында қайырымдылық шаралары жалғасып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.

Облыс көлемінде онлайн форматта 3 қой мен 1 ешкі құрбандыққа шалынса, офлайн түрде 7 қой сойылып, құрбандық еттері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестірілді.

Сонымен қатар өңір бойынша 50 отбасыға арнайы азық-түлік себеттері таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Қайырымдылық шарасына мешіт жамағаты мен еріктілер белсенді атсалысты.