ҚАСИЕТТІ ҚҰРБАН АЙТТЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ӨҢІРДЕ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде Атырау облысы бойынша мешіттерде құрбан шалу рәсімдері ұйымдастырылып, ауқымды қайырымдылық шаралары жүзеге асты.

Айттың алғашқы күні өңір мешіттерінде жалпы саны 350 қой мен ешкі, 5 сиыр құрбандыққа шалынды. Сонымен қатар онлайн форматта 3 ешкі және 27 қой құрбандыққа берілді.

Қайырымдылық шаралары аясында 1000 отбасыға құрбандық еті таратылып, 5 әлеуметтік мекемеге арнайы көмек көрсетілді.

Айта кетейік, Құрбан айт күндері мешіттерде мерекелік шаралар мен қайырымдылық акциялары жалғасуда.