Қасиетті Құрбан айт мерекесінің екінші күнінде Атырау облысы бойынша құрбан шалу және қайырымдылық шаралары жалғасын тапты.
Бүгінгі күннің есебі бойынша өңір мешіттерінде 50 қой мен 10 сиыр құрбандыққа шалынды. Сонымен қатар онлайн форматта 10 қой мен 4 ешкі құрбандыққа берілді.
Қайырымдылық аясында 400 отбасыға және 5 әлеуметтік мекемеге құрбандық еті таратылып, көмек көрсетілді.
Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Құрбан айттың басты мәні — мұқтаж жандарға қолдау көрсету, мейірім мен жанашырлықты арттыру екенін атап өтті.






