Бүгін Атырау облысының имамы Атырау селолық округінің имамы Санат Өскенбаевты қабылдады. Қабылдау барысында мешітте атқарылып жатқан жұмыстар, құлшылық үйінің әлеуметтік, экономикалық ахуалы жайы талқыланды.
Дамбы мешітінде сегіз маман еңбек етуде. Қазіргі таңда құлшылық үйінде бір бас имам, бір наиб имам, екі ұстаз, екі кезекші, бір есепші және тазалықшы еңбек етуде. Мешітте қазіргі таңда жалақы мәселесі өткір тұр.
Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы уағыз – насихат бағытындағы жұмыстарды күшейту туралы тапсырмалар берді.
«Әлеуметтік желі мүмкіндіктерін кеңірек пайдаланып, жат ағым өкілдерін оңалту бағытында кешенді шаралар, нәтиже керек» деп нақтылады Бас имам.
Қазіргі таңда мешіт жанынан он жеті шәкірт Құран, фиқһ бойынша ілім алуда.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.