Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының Индер ауданына іс сапарымен барды.
Сапар барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті жамағатпен кездесіп, “Ұлы мақсатқа жету жолдары” тақырыбында уағыз-насихат айтты.
«Мақсат қойып қана қоймай, соған жетуге әрекет ету – есті адамның ісі. «Алға қойған арман-мақсатымызға жету жолында не әрекет жасадым?», «Қандай жетістікке жеттім?», «Әрі қарай қандай кедергілерді еңсермекпін?» деген сынды сауалдарды өз-өзімізге қойып, есеп алу бір орында тұрмай, әрі қарай жылжуымыз үшін өте маңызды.
Бұл туралы халқымыздың дана ойшылы Абай атамыз өзінің он бесінші қара сөзінде: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» – дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.