Исатай ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасановпен кездесті.
Кездесу барысында облыстың Бас имамы Исатай ауданына жаңадан тағайындалған имам Жениш Сисенбаевты таныстырды.
Елдегі, облыстағы, аудандағы діни ахуал, діни кадрлар мәселесі талқыланған екі жақты кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы ауданды діни мамандармен қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін көтерді.
«Еліміздің бірлігі, қоғам тұрақтылығы жолында еңбек етіп жүрген имамдарымыздың алдында үлкен міндеттер тұр. Мүфтият тарапынан руханиятымызды, ділімізді, дінімізді дәріптеу жолында үлкен жобалар атқарылуда. Осы ретте, діни кадр мәселесі өзекті болып отырған Атырау өңірінде имамдарымызға қолдау қажет» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов дін саласы мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.