Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Құрманғазы ауданының 95 жылдығына» арналған мерекелік медальмен марапатталды.
Мерекелік медальді Бас имамға Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев табыс етті.
«Құрманғазы ауданының рухани дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Ынтымақтастығымыз жалғаса бергей» деді Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев.
Еске сала кетсек, ғасырға жуық тарихы бар Құрманғазы ауданы 59 мыңнан астам тұрғынның құтты мекені. Жер көлемі 20,8 мың шақырымды алып жатқан өңірде 19 ауылдық округ, 49 елдімекен орналасқан.