Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде жұма намазын жүргізіп уағыз айтты.
Бас имам жамағатты бірлікте болуға шақырды.
«Ислам – бірлік, ынтымақ діні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да жылды бірлік тақырыбына арнап отыр. Ата – бабаларымыз кезінде » Бөлінгенді бөрі жейді» деп, керемет өсиет айтып кеткен. Тарихтың қай қатпарына үңілсек те, бүлік ешқашан жақсылыққа апармағанын көреміз. Бірлігі кері кеткен елдер ешқашан дамымаған. Сондықтан, қоғамда тұрақтылық, тыныштықты сақтап, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттерді кеңірек насихаттауымыз қажет» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.