Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Бас имам Нұр-Мүбарак университеті шәкірттерімен кездесті.
«Кездесу мақсаты – Атырау облысы мешіттеріне білікті кадрларды тарту. Атырау облысында 45 мешіт бар. Әлі де шалғай ауылдарда мешіттер салынуда. Бізге мешіттерді білімді кадрлармен қамтамасыз ету қажет. Мешіт жандарынан қызметтік үйлер қоса салынуда. Кәсіпкерлер қолдауымен имамдарға тұрақты жалақы төлеу мәселесі шешіліп жатқанын да атап өткен жөн» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.