Атырау мешіттерінде дәрістер жалғасуда

Атырау қаласы Жұлдыз ықшамауданындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы мешітінде әйел- қыздарға арналған діни дәріс басталды.

Дәрістер аптаның әр сенбі және жексенбі күндері төрт сағат бойы жалғасады.

Қатысушылар Құран, тәжуид, сияр, ақида сыңды тақырыптар бойынша білім алуда.

Курсқа жазылу үшін, мешітке жолығу керек.