Атырауда «Мәулімберген» мешіті бірлік күнін атап өтті

Атырауда «Мәулімберген» мешіті ұжымы бірлік күнін атап өтті.

Мереке құрметіне мешітте салтанатты жиын өтіп, мешіт имамы Мақсот Бағытжанов ұжымды құттықтады.

«Халқымызда «Бірлігі мықты елді жау алмайды» деген керемет сөз бар. Барлық жақсылық атаулы бастауын бірліктен алады» деп атап өтті имам Мақсот Бағытжанов.