Атырауда Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Атырау қаласының Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен 11 отбасына азық-түлік пакеттері тапсырылды.

«Шараның мақсаты – мұқтаждарға қамқорлық көрсету. Қайырымдылық – халқымыз берік ұстанған ізгі қасиеттердің бірі» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті имамы Айтжан Әбдіров.