Атырауда Рухани келісім күніне орай, рухани шара өтті.
Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы, Қоғамдық келісім мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шарада дін өкілдерінің және этномәдени бірлестіктердің қатысуымен жиын өтті.
Конференция барысында қоғамдық тұрақтылықты қалыптастырудың ролі, келісім мәселесі талқыланды.
Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы әр адамның ұлты, тілі, сенімі, тәнінің түсі, дәстүрінің өзгешелігі олардың алауыздығына себеп болмауы керек екендігін айтты.
«Адамзаттың бұл тұрғыда бәрі тең. Абай атамыз айтқандай, «Тегінде адам баласы басқалардан ақыл, мінез, біліммен ғана озса керек». Кез келген елдің тілеуі мен аңсар арманы халқының бейбітшілігін, береке бірлігін сақтау екені сөзсіз» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, «Рухани келісім күні» елімізде 30 жылдан бері аталып өтіп келеді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.