Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде жамағатпен кездесті.
Кездесуде жамағат арасындағы ауызбірлік, ынтымақ мәселесі сөз болды.
«Қазақта «Күш – бірлікте» деген қағидалы сөз бар. Әрқайсымыздың бір-бірімізге деген құрметіміз бен ықыласымыз ерекше болса, бір имамның артынан ұйып, бір ұстаздан білім алсақ ниетіміз бен амалымыз да дұрыс болары сөзсіз. Сондықтан, алауыздыққа жол бермей, ауызбіршілімізді сақтауымыз керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.