Асхат Аймағамбетов мектепте орамал тағуға қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Nur.kz порталына берген көлемді сұхбатында мектеп жасындағы қыздардың орамал тағу мәселесіне де тоқталды.

“Мектептерде орамал тағу мәселесі тек біздің елде ғана емес, басқа да бірқатар елде үнемі қызу талқыланып келеді. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет және мектеп те зайырлы мекеме. 2016 жылы қабылданған бұйрықта талаптар көрсетілген.

Дегенмен әртүрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды екенін көріп отырмыз. Мысалы, басына орамал тағу мүмкіндігі болмағандықтан ата-анасы сабаққа жібермейтін қыздардың мәселесін алып қарауға болады.

Осындай себептерге байланысты балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болса, онда ол кері әсерін тигізеді. Жалпы біз инклюзивті қоғам болуымыз керек”, – деді министр.