Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Атырау жастар» театрына құрмет көрсетті.
Танаұлы Жұмағұл ата атындағы діни сауат ашу орталығында театр басшысы Әміржан Нұрланұлын қабылдап, кіші қажылыққа жолдама табыстады.
«Аллаға шүкір, Мәуліт мейрамы жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Биылғы Мәуліт кешін ұйымдастыруда «Жастар» театрының өнерін көпшілік жоғары бағалады. Сол себепті сіздерге кіші қажылыққа жолдама табыстаған болатынбыз. Соның сәті бүгін туып отыр. Шығармашылық табыс тілеймін деді» Бас имам.
Театр басшысы Әміржан Нұрланұлы жуырда ғана ашылған жас тетатрға қолдау көрсеткені үшін мешіт қызметкерлеріне алғысын білдірді. Тараптар алдағы уақытта да рухани, шығармашылық байланыстарды арттыруға уағдаласты.