Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданында жұма уағызын жүргізді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында «Жылыой мұсылмандары» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

«Адамдар өзге адаммен қарым-қатынаста түрлі деңгейде болады. Кей адамдар тек өзінің жеке басының ғана қажеті мен пайдасын ойласа, кей адамдар өзгені де өзі сияқты ойлап, уайымдайды. Ал кейбір жандар өзгелердің жағдайын бәрінен де биікке қояды.

Міне, бұл – ізгілерге тән дара сипат. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
طَعَامُ الوَاحِدِ يَكْفِي الاثْنَيْنِ، وَطَعَامُ الاثْنَيْنِ يَكْفِي الأرْبَعَةَ، وَطَعَامُ الأرْبَعَةِ يَكْفِي الثَّمَانِيَةَ

«Бір адамның тамағы екі кісіге, екі адамның тамағы төртеуге, ал төрт адамның тамағы сегіз кісіге жетеді» деу арқылы, мұсылмандарға қолында бармен бөлісуді, өзгелерді ойлап, қарайласып, жәрдемші болуды үйреткен (имам Мүслим).


Алла Тағала біздердің ізгі істерге тұрақты болуымызды жазғай» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетсек, Биылдан бастап облыс имамдары қала, аудан мешіттерінде жұма уағыздарын жүргізіп, жамағатпен жүздесетін болады. Бұл әдіс дін қызметкерлерінің тәжірибе алмасуына жол ашады.