Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Тұрғызба ауылында салынып жатқан медресе құрылысымен танысты.
40 орындық медресе құрылысы демеуші азаматтар көмегімен салынуда. Мұнда болашақта балаларға діни білім, рухани тәрбие беріледі деп жоспарлануда. Сонымен бірге, мұнда тәрбиелік шаралар, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады деп күтілуде.
Бас имам орталық құрылысын сапалы тұрғызуды, жұмыстарды уақытында аяқтауды тапсырды.