Жылыойда «Мако» шұжық өндіру цехы халал сертификатын алды

Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал даму» мекемесі басшысы Айбек Аташев және Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған делегация «Мако» цехының жұмысымен танысты.

Цехтағы өндіріс процесімен танысып, бірқатар сауалдар қойған делегация мұндағы қызметкерлермен де пікірлесті.

Нәтижесінде шұжық өндіретін «Мако» цехына жаңартылған ҚМДБ халал стандарт сертификаты табысталды.