Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановпен кездесті.
Кездесу аясында Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысы, соның ішінде Жылыой ауданындағы діни ахуал, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді.
Сонымен бірге, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі 7 бағыт аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәліметтермен бөлісті.
«Жылыой облыстағы үлкен аудандардың бірі. Асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау, жат ағымдармен күрес бағыттарында мешіттерде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қосшағыл ауылында мешіт, Ембі ауылдық мешіті жанынан Қайырымдылық мекемесі салынуда. Біздің алдымызда мешіттерімізді сапалы дін мамандарымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Діни кадр даярлау мәселесіне жергілікті жастарды тарту, шәкірттердің оқу ақысын төлеу арқылы қолдау көрсетуде бірлескен жұмыстар керек» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Кездесу соңында тараптар бірқатар бағыттарда ортақ уағдаластыққа қол жеткізді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.