Жылыойда Неке қию және отбасылық оңалту орталығы ашылды (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барып, Неке қию және отбасылық оңалту орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Орталық неке қиюмен бірге, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық институтты нығайту бағытында жұмыс атқаратын болады.

Жылыой аудандық орталық мешіті жанынан ашылған Неке қию және отбасылық оңалту орталығы – Ақсақалдар алқасы мен Әжелер мектебі және Жастар қозғалысы тоғысқан алаңға айналады деген сенім бар. Ислам – адамзат құндылықтарын тоғыстырған ілім, ынтымақ діні. Адам, оның өмірі, денсаулығы, отбасы, келісті өмірі, ішкі жан тазалығы – ислам үшін маңызды құндылықтар» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.