Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой орталық мешітінің балансына берілген жаңа ғимараттарды көріп шықты.
Аталған ғимараттар алға қарай, отбасылық келісім, оңалту, сауат ашу орталығы бағыттарында қолданылуы мүмкін.
«Мешіттеріміз қашан да қоғаммен етене байланыста. Құлшылық үйінің өзіндік атқарып отырған функционалдық міндеттері бар. Жаңа ғимараттар отбасылардың берекесін арттыру, медиация, өзара келісімді нығайту, жан-жақты сауат ашу бағыттарында қызмет көрсететін болады» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Сапар аясында Алтынбек Ұтысханұлы ғимараттарды мақсатты пайдалану мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.