Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Жылыой аудандық орталық мешітінде жұма намазын жүргізіп, насихат айтты.
Өмірдің қадір-қасиеті тақырыбында уағыз айтқан Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жамағатты кез-келген қиындыққа сабыр етуге шақырды.
«Қандайда бір сынақтың артында жақсылық бар. Адам қиындыққа мойымауы керек. Өмір – адамға берілген аманат» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Кездесу соңы жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауаппен жалғасты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.