Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті мешіт жамағатымен кездесті.
Жылыой орталық мешітінде бесін уағызын арнайы жүргізген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы ихсан ілімі, жүрек тазалығы туралы насихат айтты.
«Құрандағы аяттардың бірінде сәлим – таза жүрек дүние-мүлік пен бала-шағадан да жоғары қойылған: «Дүние-мүлік пен бала-шаға пайда бермейтін сол күні (қиямет) таза жүрек қана кәдеге жарайды». Әрине, әр мұсылман өнегелі бала-шаға тәрбиелеуге ұмтылумен бірге, жүрек тазалығын да басты назарда ұстағаны жөн. Өйткені, адамды кемелдікке бастайтын жол жүректің тазалығында жатыр» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.