Атырау облысының Бас имамы Жылыойға жұмыс сапарымен барды (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барып, Құлсары қаласындағы орталық мешітте жергілікті дін мамандарымен кездесті.

Кездесу барысында Бас имам мүфтият бекіткен жеті негізгі жұмыс бағыты бойынша атқарылып жатқан шараларды пысықтап, ихсан ілімін дәріптеу, жат ағыммен күрес, қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды күшейту туралы тапсырмалар берді.

«Ихсан ілімі – кемел мұсылманның бейнесін насихаттайтын мектеп десек те болады. Біз қоғамды білім алуға, ғылым жолында ізденуге, өз ісінің шеберіне айналып, елдің дамуына үлес қосумен бірге, адамгершілік, имандылық қасиеттерін шыңдауға да үндеуіміз қажет. Еліміздің өркендеуі, дамуы қоғамның барлық мүшесіне тікелей байланысты» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.