Атырау: Әт-Тақуа мешітінде Рамазанға дайындық жүруде (+ ФОТО)

Қасиетті Рамазан айына дайындық Атырау мешіттерінде жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Әт-Тақуа мешітінде сенбілік өтіп, мешіттің ішіне және ғимарат сыртына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Рамазанға қатысты ақпараттық баннерлер ілініп жатыр.

«Өкінішке орай, Рамазан айы биыл да пандемия жағдайында өткелі отыр. Осы ретте, карантин талаптарын максималды түрде сақтауға тырысамыз. Қазіргі уақытта келуші жамағат үшін ораза кестесін тарату, қосымша ақпараттық материалдар үлестірілуде» дейді Әт-Тақуа мешітінің имамы Өсімхан Тілеуов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.