Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде қазіргі таңда тоғыз қызметкер еңбек етіп жатыр.
Олардың қатарында бас имам, наиб имам, азаншы, есепші, шаруашылық меңгерушісі, тазалықшы сынды мамандар бар.
Қабылдау барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы аталмыш мешітке уағыз-насихат шараларын күшейтуді тапсырды. «Қазіргідей карантин жағдайында онлайн дәрістерге көбірек назар аудару қажет. Және әлеуметтік желілерді пайдаланып, оны діни контентпен толықтыру – кезек күттірмейтін мәселе. Сол сияқты, жат ағыммен күрес, оңалту шараларында нәтижелі жұмыс қажет» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Сондай ақ, Бас имам мешіт штатына ұстаз-қызметкерді жұмысқа алып, дәріс беру бағытындағы жұмыстарды қолға алуды міндеттеді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.