amin.kz/ 14 тамыз, 2020 жыл. Әрқайсысының құны 10 миллион теңге тұратын аппараттарды Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітіне мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов «Сәби» қайырымдылық қоры арқылы жолдап отыр.
«Пандемияға байланысты «Сәби» қоры арқылы бұған дейін 3 ИВЛ аппарат әкелінген болатын. Ол аппараттар облыс орталығындағы ірі ауруханаларға тапсырылды. Енді қалған 7 осындай жасанды желдеткіш аппараттар Атырау облыстық ауруханаға, №2 облыстық ауруханаға, Атырау облыстық балалар ауруханасына, Атырау облыстық туберкулезбен күрес диспансеріне, Мақат, Индер, Махамбет аудандарындағы ауруханаларға жеткізілді.
Бұл аппараттар қуаттылығы жағынан ерекшеленіп отыр. Осындай қиын-қыстау кезеңде қиналып жатқан бауырларымыздың өмірін сақтауға себепші болады деген сенімдеміз» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Бұған дейін мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов «Сәби» қайырымдылық қоры арқылы Атырау халқына коронавирус, пневмония сырқатынан емдеуге арналған дәрі-дәрмектер және Атыраудағы емдеу мекемелеріне 43 оттегі аппараттарын жолдағанын хабарлаған болатынбыз.
Оттегі аппараттары және ИВЛ аппараттарды «Сәби» қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өмірге үміт сыйла» акциясына қосқан үлес ретінде жолдаған еді.
Біз біргеміз!
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.