amin.kz/ 12 тамыз, 2020 жыл. Оттегі аппараттарын «Сәби» қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында гуманитарлық көмек есебінде ұсынып отыр.
Оттегі аппараттарын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аймақтағы емдеу мекемелеріне өз қолымен апарып табыс етті.
«Жасанды оттегі аппараттары Атырау облыстық кардиологиялық орталығына, Махамбет ауданына, Индер ауданына қарасты Есбол, Өрлік ауылдарына, Құрманғазы ауданына қарасты Сүйіндік, Балқұдық, Орлы ауылдарына, сонымен бірге Мақат ауданындағы емдеу мекемелеріне тапсырылды.
Алла Тағала науқастанып жатқан бауырларымызға амандық берсін» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, пандемияға байланысты бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Өмірге үміт сыйла» акциясын жариялаған еді. Акция аясында медициналық мекемелерге ИВЛ, жасанды оттегі аппараттарын алып беруге үндеген болатын.
Осынау үндеуге «Сәби» қайырымдылық қоры айрықша үлес қосып отыр.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.