Атырау мешіттері өткен жылы жастар және әйел-қыздарға арналған 3000-ға жуық шара өткізді.
Сауаттылық, қоғамдық және спорттық бағыттарды қамтыған шаралар 100 мыңға жуық жас пен әйел-қыздарды қамтыды. Бұл туралы Астанада мүфтиятта өткен есеп беру жиынында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді.
«Соның ішінде, жастар арасында өткен жылы барлығы 596 шара өтіп, 86 087 адам қамтылды. Әйел-қыздар арасында 2239 дәріс оқылып, 6688 шәкірт қамтамасыз етілді» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.