Атырау мешіттері бір мезгілде 341 ағаш отырғызды (+ФОТО, + ВИДЕО)

amin.kz/23 қыркүйек, 2020 жыл.  Бүгін Атырауда облыс бойынша мешіттерде 341 ағаш отырғызылды.

Оның ішінде, жеміс ағаштары және қара ағаштар да бар.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен көшеттер «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына – 30 мың түп ағаш отырғызу» республикалық акциясы аясында отырғызылды. Оның ішінде, орталық «Иманғали» мешітінің ауласына 30 түп ағаш егілді. Сонымен бірге, жеміс ағаштары әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың ауласына, көшелерге де отырғызылды.

Қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген керемет сөз бар. Бұл жас ұрпақ үшін жасалынып жатқан игі бастама» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты жер-жерде 30 елдімекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесін шешуге ықпал ету, тарихи көрмелер ұйымдастыру, ҚМДБ туралы деректі фильм түсіру, әл-Фараби, Абай сынды тұлғалардың, ел ішінде есімі еленбей жүрген 30 дін қайраткерінің есімін мешітке беру, ауылдарда орналасқан 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу сынды сауапты да салауатты шаралар атқарылуда. 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.