Атырауға жұмыс сапарымен ұстаз Қанат Алшынбаев келді

amin.kz/24 қыркүйек, 2020 жыл.   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев атыраулық дін қызметкерлерімен кездесіп, діни оңалту бағытындағы іс-тәжірибесімен бөлісуде.

Қазіргі уақытта ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев орталық «Иманғали» мешітінде Атырау қаласына қарасты мешіттердің имамдарымен кездесу өткізуде.

Жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев Атырау облысына қарасты аудан имамдарымен, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологтарымен, терроризм бабы бойынша түзету мекемелерінде жазасын өткеріп жатқандармен кездеседі деп күтілуде.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.