Атырауда деструктивті ағым өкілдерін оңалту тақырыбында семинар өтті

amin.kz/24 қыркүйек, 2020 жыл.   Семинарды Атырау қаласына қарасты мешіттердің имамдары және «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологтары үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев өткізді.

«Кей өңірлер түзету мекемелерінде жақсы жұмыс жүргізсе, кей өңірлерде ахуал басқаша. Сондықтан, біздер әр өңірлерге шығып, мүмкіндігімізше өздеріміз оқыған, атқарып жүрген тәсілдер, жұмыс тәжірибемізбен бөлісіп жүрміз.

Атырау облысында мешіттер саны басқа өңірлердегідей емес. Десе де, атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі, қамтылып жатқан аудитория ауқымдылығы жағынан келгенде, нәтижелер бар.

Атырау облысы бірінші болып, діни оңалту тақырыбына арнап офлайн семинар өткізіп отыр» деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде өткен семинар барысында.

Семинар аясында қатысушылар өзекті сауалдарды ортаға салды.

Еске сала кетелік, ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан діни оңалту бөлімі ашылып, жұмысын бастады.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.