Қанат Алшынбаев «Атырау» телеарнасына сұхбат берді

amin.kz/24 қыркүйек, 2020 жыл.   Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев жергілікті «Атырау» телеарнасына онлайн форматта сұхбат берді.

Сұхбат аясында негізінен қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп тақырыбы талқыланды.

«Қазақ халқы үшін Абай, Шәкәрім салған мектеп үлкен жол, темірқазық бола алады. Қазақ даласынан шыққан ғұламаларымыз қасиетті Құран мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннетін халқымыздың болмысымен, салт-дәстүрлерімізбен байланыстыра отырып жеткізіп кетті.

Ұлттық салт-сананың қайнар көзі болған Абайдың дара жолы бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде басты мектеп болуы керек» деді ұстаз Қанат Алшынбаев.

Сұхбат аясында жат ағымдардың көбеюінен келетін қауіп мәселесі де талқыланды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.