Атырау мешіттері өткен жылы 6 отбасына баспана сыйлады

Атырау облысына қарасты мешіттер мүфтияттың «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 6 отбасына баспана сыйлады.

Оның ішінде 3 баспана мұқтаж отбасыларға, 3 қызметтік үй мешіт ұстаздарына табыс етілді. Бұл туралы Астана қаласында өткен есеп беру жиынында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді.

Жалпы, өткен жылы облыс мешіттері «Зекет» қоры арқылы 43 255 отбасын қайырымдылық шараларымен қамтыды.