Су тасқыны салдарынан зардап шеккен оралдықтарға азық-түлік, киім-кешектер жөнелтілді.
Жөнелтілген көмек Батыс Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен ауылдарына жеткізіліп отыр. Орталық мешітке қарасты Қайырымдылық мекемесі тарапынан 60 отбасына киім- кешектер жіберілді.
Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің бастамасымен жүзеге асқан асарға өңірдегі барлық мешіттер атсалысып отыр.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.